1 қыркүйек білім күні » КГУ «Гимназия №18» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№18 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 379-34-42
Есепші бөлімі:
+7(727) 379-41-10
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2023

1 қыркүйек білім күні

1 қыркүйек білім күні.
1 қыркүйек – алғашқы қоңырау мерекесі. Бұл мектеп табалдырығын алғаш аттағандар үшін көптен күткен күн. Бұл бірінші сынып оқушылары мен мектеп бітірушілердің мерекесі. Барлығы  мүлдем жаңа өмір бастауға дайын. Сондықтан бүгінгі күн олар үшін ең әсерлі және есте қалатын күн. Кейбіреулері бірінші рет партаға отырмаса да, олар үшін бұл мереке қызықты, жаңалықтарға толы, мектеп жолында тағы бір қадам басатын мереке...
Білім күніне арналған дәстүрлі лездеме салтанатты әрі әсем болды. Мереке гимназия директоры Наурызбаева Гульджамиля Каратаевнаның мерекелік құттықтау сөзімен ашылып, білім алушыларға алдағы оқу жылында сәттілік тіледі. Сондай-ақ шақырылған қонақтар ақын, прозаик және балалар кітаптарының аудармашысы Елена Ивановна Мамонтова, Алматы қаласы бойынша еңбек ардагерлерінің төрайымы Шестакова Людмила Михайловна құттықтау сөздері мен ақ тілектерін білдірді.
Жиналғандардың барлығы бірінші сынып оқушыларының өнеріне және «Рупия» хореографиялық тобының би қойылымдарына риза болды.
 Ұрпақтар сабақтастығын бейнелейтін «білім» кілтін түлектерден бірінші сыныпқа тапсыру сәті, осы мерекенің шарықтау шегі болды. Жаңа оқу жылының басталуын оқу озаттары, Халықаралық, Республикалық, қалалық олимпиадалардың жеңімпаздары, гимназия белсенділері көптен күткен мектеп қоңырауымен ұлықтады. 
Білім күні «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ» атты сынып сағатымен жалғасты.

1 сентября – праздник первого звонка. Это самый долгожданный день для тех, кто впервые переступит школьный порог. Это - праздник для первоклашек и выпускников. И те и другие готовы  вступить в совершенно новую жизнь. Потому этот день для них самый волнующий и запоминающийся. Это праздник и для тех, кто не впервые сядет за парту, а сделает очередной шаг по длинной, но такой интересной,  полной открытий школьной дороге... 
Традиционная линейка, посвящённая Дню знаний, была торжественной и красочной.  Открыла праздник директор гимназии Наурызбаева Гульджамиля Каратаевна. Она приветствовала учеников праздничной речью и пожелала им успехов в предстоящем учебном году. Так же со словами поздравления и напутствия выступили приглашенные гости - поэт, прозаик и переводчик детских книг Елена Ивановна Мамонтова, Шестакова Людмила Михайловна- председатель ветеранов труда г.Алматы.
 Всех присутствующих порадовало выступление малышей-первоклассников и танцевальные номера хореографического коллектива «Рупия».
 Кульминационным моментом стал момент передачи ключа "знаний" от выпускников к первоклассникам,который отразил  приемственность поколений. О начале нового учебного года возвестил долгожданный школьный звонок,который дали  отличники учебы,победители Международных, Республиканских,городских олимпиад ,активисты гимназии.
День знаний продолжился классным часом «СПРАВЕДЛИВЫЙ КАЗАХСТАН: КАЧЕСТВЕННОЕ ОБРАЗОВАНИЕ, ЧЕСТНОЕ ПОКОЛЕНИЕ, УСПЕШНАЯ НАЦИЯ»


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: