Қазақстан халқының тілдері күні » КГУ «Гимназия №18» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№18 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 379-34-42
Есепші бөлімі:
+7(727) 379-41-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
қыркүйек
2023

Қазақстан халқының тілдері күні

Қазақстан халқының тілдері күні
Қазақстан халқының тілдері күні – Қазақстан аумағындағы барлық тілдер мен мәдениеттердің байлығына арналған мереке.
5 қыркүйек күні гимназияда түрлі этностардың тілдері мен мәдениеттеріне арналған іс-шаралар өтті.
Таңертең ертемен ұстаздар, ата-аналар мен оқушыларды өз ұлтының киімін киген жоғары сынып оқушыларының қарсы алуы таң қалдырды.
Оқушылар өз ана тілінде білім алушыларды, ұстаздарды, ата-аналарды тамаша мерекемен құттықтап, бейбітшілік пен береке тіледі.
Осы күні 1-11 сынып оқушылары арасында «Тіл – досым» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
 Осы атаулы датаның көрнекті ақын, аудармашы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келуі – оның тұлғасына деген құрметтің шыңы. Гимназия фойесі мен кітапханада А.Байтұрсынұлы шығармашылығына арналған түрлі-түсті көрме ұйымдастырылды.
Бұл күн қазақтың атақты халық биі мен «Қара жорға» күйінің әуенімен 8-9 сыныптың 200 оқушысы бір мезетте би билеген жалынды флешмобпен аяқталды.
 Мереке біздің гимназия оқушыларының есінде ұзақ сақталады!

День языков народа Казахстана  
День языков народа Казахстана - это праздник, посвященный богатству языков и культур, существующих на территории Казахстана.  
5 сентября   в гимназии прошли мероприятия,  посвященные языкам и культурам различных этнических групп.
Ранним утром учителя, родители и педагоги были приятно удивлены встречей учащихся старших классов в  костюмах  своей национальности.
Учащиеся, на  своем родном  языке,   поздравили  учеников, педагогов, родителей  с замечательным праздником  и пожелали мира, благосостояния. 
В этот же день прошли классные часы, для учащихся 1-11 классов на тему « Язык- мой друг». 
Совпадение этой знаменательной даты с днем рождения выдающегося поэта, переводчика, литературоведа, общественного деятеля Ахмета Байтурсынова - вершина уважения к его личности.  В фойе гимназии и в библиотеке  была организована красочная  выставка, посвященная творчеству А. Байтурсынова.
Закончился  этот день зажигательным флешмобом, под музыку известного казахского народного танца и кюя  «Қара жорға», где одновременно   станцевали 200  учащихся из 8- 9 классов.
 Праздник надолго запомнится учащимся нашей гимназии!



























































































































Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: