«Германиядағы адамдар немен айналысады?» деген тақырыпқа жоба жұмысын қорғады » КГУ «Гимназия №18» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№18 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 379-34-42
Есепші бөлімі:
+7(727) 379-41-10
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Германиядағы адамдар немен айналысады?» деген тақырыпқа жоба жұмысын қорғады
02
қазан
2023

«Германиядағы адамдар немен айналысады?» деген тақырыпқа жоба жұмысын қорғады

Германияда алмасу бағдармасы арқылы  білім алу - №18 гимназия оқушылары үшін әлемнің ең дамыған елдерінің бірінде тұруға, мүлдем жаңа атмосфераға енуге және отандық және неміс білім беру жүйесін салыстыруға бірегей мүмкіндік болып табылады. Оқу  барысында оқушыларымыз белсенді түрде жаңа білім алып, неміс тілін жетілдіріп қана қоймай, сонымен бірге Германияның көрікті жерлерін өз көздерімен көріп, жаңа адамдармен танысты.  Оқушылармен алмасу бағдарламасына қатысқан жастардың көбі, қазіргі уақытта Германияда оқуын жалғастыруда.
2023 жылдың  қыркүйек  айының 7 - 22 аралығында гимназияның  мұғалімдері Г.Т.Исбулаева, Э.Т. Тургунова және 10 сыныптың  14 оқушысы алмасу бағдарламасына қатысып, «Германиядағы адамдар немен айналысады?» деген тақырыпқа жоба жұмысын қорғады. Оқушылар неміс отбасында тұрып, екі гимназияда жұмыс істеді, Оберкохен қаласындағы Ернст-Аббе- гимназиясы және  Хайденхайм қаласындағы Веркгимназиясы.
Күннің бірінші жартысында біздің оқушылар сабаққа қатысып, жобамен жұмыс істеді, ал түстен кейін жобалар бойынша толық ақпарат жинау үшін экскурсияға шығып отырды. Саяхаттар  тек қызықты ғана емес, сонымен қатар танымдық та болды. Оқушылар «Voith», «Leits», «Tiefer Stollen» сияқты танымал фирмаларға және  «Mercedes Benz» мұражайына, сонымен қатар «Explorhino» барды, құзға өрмелеумен  айналысты, ал демалыс күндері тұрып жатқан неміс отбасымен уақыт өткізіп, басқа қалаларды аралап, көрікті жерлерін  тамашалады.
21 қыркүйекте біздің оқушыларымыз неміс достарымен жобаларын сәтті қорғап, кешке ата-аналар мен гимназия әкімшілігінің қатысуымен өткен қоштасу кешінде қонақтарға «Қара жорға» биін орында, қонақтарға біздің керемет Республикамыз туралы  айттып берді.
Бұл бағдарламаның арқасында оқушылар әлдеқайда еркін және өздеріне сенімді болды. Өздерін  де, өзгені де жақсы түсіне бастады. Олар өздерінде бар нәрсені көбірек бағалау керектігін, мақсатқа ұмтылудың қажеттілігін түсінді.  Осының бәрі қазір біздің оқушыларымызға көмектеседі.
Обучение в Германии по обмену — уникальный шанс для учащихся Гимназии № 18 пожить в одной из самых развитых стран в мире, окунуться в совершенно новую для себя атмосферу, сравнить отечественную и немецкую системы образования. В этом учебном году 14 учащихся 10 классов нашей Гимназии и  2 преподавателя немецкого языка Исбулаева Г.Т., Тургунова Э.Т. с 7 сентября 2023 года до 22 сентября 2023 года участвовали в обмене и защищали проект на тему «Чем люди занимаются в Германии?». В ходе обучения наши школьники  смогли не только активно овладеть новыми знаниями и усовершенствовать свой немецкий язык, но и увидеть собственными глазами достопримечательности Германии, завязать новые знакомства. Многие из молодых людей, которые были участниками программ по обмену учащимися, продолжают свое обучение в Германии. Учащиеся жили в семьях и работали в двух гимназиях:Ernst Abbe Gymnasium в г. Оберкохен и Werkgymnasium в г. Хайденхайм. В первой половине дня наши учащиеся посещали уроки и работали над проектом, во второй половине дня выезжали на экскурсии, чтобы собрать полную информацию по проектам. Выезды были не только интересными, но и познавательными. Учащиеся посетили знаменитые фирмы как «Voith», «Leits», «Tiefer Stollen», музей «Mercedes Benz», а также посетили «Explorhino», занимались скалолазанием, а выходные проводили  со своими немецкими семьями, посещали другие города, смотрели достопримечательности. 21 сентября наши учащиеся со своими немецкими друзьями защитили успешно проекты и вечером на прощальном вечере, где были родители, администрации гимназий, выступили перед гостями с танцем «Қара жорға», а также рассказали гостям о нашей прекрасной Республике. Благодаря данной программе учащиеся стали гораздо самостоятельнее и увереннее в себе. Стали лучше понимать себя и окружающих. Стали больше ценить, что имеют, и стали еще более целеустремленным. Все это помогает нашим учащимся сейчас.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: