Ата-аналар жиналысы » КГУ «Гимназия №18» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№18 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 379-34-42
Есепші бөлімі:
+7(727) 379-41-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
желтоқсан
2023

Ата-аналар жиналысы

#Біртұтас_тәрбие   #oqu_agartu_ministrligi    #gani.beisembayev  #город алматы

Ата-аналар жиналысы
2023- жылдың 16, 17  қараша күндері гимназияда 1-11 сыныптарда сыныптық және жалпы мектептік ата-аналар жиналыстары өтті. Жалпы мектептік ата-аналар жиналысын гимназия директоры Г.Қ.Наурызбаева бастап, ата-аналардың назарын оқушылардың оқу үлгерімінің нәтижесіне  және олардың оқуға мотивацияны арттыру мәселесіне аударды. Директордың оқу ісі  бойынша орынбасары Р. Рахимқызы негізгі орта білім беру курсының қорытынды аттестаттауы туралы айтып, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім берудің принциптері мен міндеттеріне тоқталды. Директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары М.Я. Мартыненко жиналысқа қатысушыларды Алматы қаласында кәмелетке толмағандар  арасында жасалған құқық бұзушылықтар статистикасымен таныстырды.Жалпы мектептік жиналыстан кейін ата-аналар сыныптық жиналыстар өтетін оқу сыныптарына тарады. Күн тәртібінде І тоқсан қорытындысы, БЖБ,ТЖБ кестесімен танысу, мектеп пен отбасы қарым -қатынасын нығайту,Педагогикалық қолдау көрсету орталығын құру және оның жұмысы, «Даналық мектебі» клубының жұмысы, ҚР-ның "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы" туралы кодексі, балалар тәрбиесінде ата - ананың  үлгі -өнегесі, әлеуметтік статусты растауға құжаттарды жаңалау және өткізу және т.б. сынды сұрақтар қарастырылды.

Родительские собрания
16.11 и 17.11. 23 г  в гимназии прошли  родительские собрания  для родителей учащихся 1 - 11-х классов.
На повестке стояли такие вопросы, как:   итоги 1 четверти, ознакомление с графиком СОР, СОЧ, работа по  укреплению  взаимодействия  между школой и семьей,  работа  Центра педагогической поддержки для родителей  и клуба  «Даналық мектебі », изучение кодекса РК О браке (супружестве)  в семье,  подача  документов  на подтверждение социального статуса (АСП.) и другое.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: