"Әр өлеңі - бір әлем" атты әдеби - сазды кеші » КГУ «Гимназия №18» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№18 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 379-34-42
Есепші бөлімі:
+7(727) 379-41-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
ақпан
2023

"Әр өлеңі - бір әлем" атты әдеби - сазды кеші

2023 жылдың 10 ақпанында Алматы қаласы, Алмалы ауданында  «№18 гимназия» КММ қабырғасында  Қазақ тілі кафедрасы мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  қазақ елінің бір туар ақиық ақыны, поэзия патшасы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай  "Әр өлеңі - бір әлем" атты әдеби - сазды кеші өтті.  

Кештің мақсаты - ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, поэзиясының кең  таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екендігін оқушыларға таныту, сезіндіру. Кеш барысында 18 гимназияның өнерлі оқушылары мен қазақ тілі пәнінің мұғалімдері өз шығармашылығымен көрермендердің ерекше ықыласына бөленіп, ақынның әсем әндері мен   сыршыл поэзиясынан тарту етті. Поэзия кешінің шымылдығы қазақ тілі мұғалімі Гүлжахан Асылхановна мен 9"Б" сынып оқушысы Пикалов Максимнің орындауында ақынның " Поэзия, менімен егіз бе едің?!" өлеңімен ашылды. Талантты оқушылармен бірлесіп, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері ақынның "Ана, сен баққытысың!" , "Шыда, шыда", "Отан", "Мектебіме", "Ей, өмір" "Бақыт деген", "Үш бақытым" ,"Дос болам десең..."т.б. өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар ақынның шығармаларының бірі "Аққулар ұйықтағанда" поэмасынан үзінді көрсетті және "Саржайлау" әні шырқалды

 Мұқағали-мәңгілік өмір! Ақын мұрасы,маржан поэзиясы-болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы, ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлеңқұмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек. Кеш соңын ақынның өз дауысымен оқылған өлеңдері мен "Есіңе мені алғайсың" әнімен  қорытындылады.Гимназия директоры Наурызбаева Г.К. әдеби сазды кештің қатысушыларына алғысын білдіріп, оқушыларды грамотамен марапаттады.   

   10 февраля 2023 года  в КГУ «Гимназия№18» города Алматы был проведен литературно-музыкальный вечер «Әр өлеңі - бір әлем», приуроченный к дню рождения выдающегося казахского поэта, короля поэзии Мукагали Мукатаева. В мероприятии, организованном учителями Кафедры казахского языка и литературы, приняли участие учащиеся 5-11 классов и учителя гимназии.

Цель проведения вечера: обзор жизни и творчества великого поэта Мукагали Макатаева, оставившего неизгладимый след в истории и культуре Казахстана, показать секрет популярности, жизненной силы поэзии М.Макатаева, особенностей гармонии и красоты его творчества.

В ходе мероприятия  талантливые учащиеся  и учителя гимназии  завоевали симпатию зрителей, подарив им прекрасные песни и лирические стихи поэта. Занавес вечера открыли  учитель казахского языка и литературы  Султанова Г.А. и ученик  9"Б" класса Пикалов М. стихотворением поэта " Поэзия, менімен егіз бе едің?!" Талантливые  учащиеся вместе с учителями казахского языка выразительно читали известные произведения М.Макатаева "Ана, сен бақыттысың!" , "Шыда, шыда", "Отан", "Мектебіме", "Ей, өмір" "Бақыт деген", "Үш бақытым" ,"Дос болам десең..." др. Украшением литературного вечера стала постановка из поэмы"Аққулар ұйықтағанда". Очень трогательно и патриочно прозвучала   песня "Саржайлау"  в исполнении   учащегося   5 «Г» класса Пугачева Р. «Вечное наследие -  Мукагали Макатаев» 

Имя Мукагали Макатаева, ставшего вечной музой, оставив после себя бесценное духовное достояние своим потомкам, и его неиссякаемые поучительные произведения будут увековечены вместе с казахским народом. В завершение вечера  зрителям была представлена запись живого голоса автора, затем все участники вечера   спели песню "Есіңе мені алғайсың". Директор гимназии Наурызбаева Г.К. поблагодарила участников литературного вечера и пожелали им дальнейших творческих успехов  и вручила участникам грамоты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: