Сөйлеу шеберлігі – танымалдыққа жетудің ең қысқа жолы » КГУ «Гимназия №18» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№18 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 379-34-42
Есепші бөлімі:
+7(727) 379-41-10
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сөйлеу шеберлігі – танымалдыққа жетудің ең қысқа жолы
10
қазан
2024

Сөйлеу шеберлігі – танымалдыққа жетудің ең қысқа жолы

Дейл Карнеги былай деп жазған: «Сөйлеу шеберлігі – танымалдыққа жетудің ең қысқа жолы. Әр адам өзін және адамдарды сендіре алса, қоғамда жағымды және қалаулы болатындай сөйлей алады». Сөйлеу шеберлігі ойлау логикасымен, пікірталас жүргізу қабілетімен байланысты. Шынында да, дебат ойындары арқылы дамитын шешендік өнер баланың жеке психологиясына әсер етеді. Біріншіден, бұл көпшілік алдында сөйлеудің баға жетпес тәжірибесі, екіншіден, дебаттар логикалық ойлауды дамытады. Үшіншіден, дебаттар көзқарасты кеңейтеді және мәселені сырттан көріп, қажетті шешім табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, дебаттар командамен жұмыс істеуге және қойылған мақсатқа жетуге үйретеді. 2024 жылдың 7-9 қазан аралығында КММ «№18 гимназияда» DSD мектептерінің оқушылары арасында “Jugend debattiert/ Жастар дебаттары”халықаралық конкурсының республикалық кезеңі өтті. Бұл шара Германияның Шетелдегі мектептік білім беру орталығының (ZfA, Германия) қолдауымен, Қазақстандағы неміс тілі бойынша үйлестіруші Марио Шёнфельд мырзаның басшылығымен өткізілді. Бұл шараға Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы бас консулдығының баспасөз, мәдениет және экономика бөлімінің жетекшісі Вольфганг Фауст мырза, DAAD (Неміс академиялық алмасу қызметі), DAZ – неміс газеті, сондай-ақ Қазақстандағы DSD мектептерінің мұғалімдері қатысты. Жарайсыңдар, балалар! Сіздерді құттықтаймыз!
Дейл Карнеги писал: «Умение говорить – это наикратчайший путь к известности. И почти каждый человек может говорить так, что будет приятен и желаем в обществе, если он обладает верой в себя и людей».  Умение говорить проходит через осмысление, логику мышления, умение вести дискуссию. Действительно, ораторское искусство, вырабатываемое именно при игре в дебаты, влияет на психологию личности ребёнка. Во-первых, это бесценная практика публичного выступления, во-вторых, дебаты развивают умение мыслить логически. В-третьих, дебаты расширяют кругозор и позволяют, увидев проблему со стороны, найти нужное решение. Кроме того, дебаты учат работать в команде и добиваться поставленной задачи. В период с 7 - 9 октября  2024 года в КГУ «Гимназия №18» был проведен республиканский этап международного конкурса «Jugend debattiert/Молодежь дебатирует» среди учащихся DSD школ  РК. Данное мероприятие было проведено  при поддержке Центрального Бюро школьного образования за рубежом (ZfA, Германия), координатором по немецкому языку в РК господином  Марио Шёнфельд.  На данном мероприятии присутствовал  руководитель отдела прессы, культуры и экономики генерального консульства Федеративной Республики Германия в г.Алматы г-н Вольфганг Фауст, представители  DAAD  (германская служба академических обменов), DAZ – немецкая газета, учителя DSD школ РК. Молодцы, ребята! Поздравляем вас!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: