«Күнделік электронды журналын тиімді толтыру»
2024 жылғы 28 октябрьда «Гимназия №18» КММ-де «Күнделік электронды журналын тиімді толтыру» тақырыбында семинар өтті. Семинарда Күнделік электронды журналының білім беру процесі үшін негізгі функциялары мен артықшылықтары талқыланды. Сонымен қатар, Күнделік мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, олардың оқу үдерісіне қатысуын қалай қамтамасыз ететіні айтылды. Пайдаланушылар деректерінің қауіпсіздігі мен платформаны дамыту перспективалары қарастырылды.