Алматы қаласы Білім басқармасының
«№18 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 379-34-42
Есепші бөлімі:
+7(727) 379-41-10
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
желтоқсан
2024

«Jugend debattiert/Жастар дебат жүргізуде»

2024 жылғы 23 желтоқсанда «Біртұтас тәрбие» және «Алматинские школы» бағдарламаларын іске асыру аясында Алмалы ауданына қарасты КММ «№18 гимназияда» «Jugend debattiert/Жастар дебат жүргізуде» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинар жұмысына Алмалы ауданының неміс және қазақ тілі мұғалімдері қатысты. Семинардың мақсаты: оқушылардың құқықтық мәдениетін, азаматтық белсенділігін, жауапкершілігін, шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
Дебаттың тақырыбы: «Бұрынғы уақыт белдеуіне қайта оралу керек пе? / Soll die alte Zeitverschiebung zurückgenommen werden?»
Семинардың үйлестірушілері: гимназия директоры – Наурызбаева Г.К., тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары – Мартыненко М.Я.
Семинарды неміс тілі мұғалімдері Кулумбетова Н.А., Камбарова Ж.Т., Исбулаева Г.Т., 10 “В” және 11 “В” сынып оқушылары дайындап, өткізді.
Семинар барысында 6 “Г” сынып оқушылары неміс тілі мұғалімдері Исбулаева Г.Т., Тургунова Э.Т. жетекшілігімен «Aschenputtel» («Золушка») ертегісінің сахналық қойылымын көрсетті. Оқушылар жарқын ертегілік костюмдерде өнер көрсетіп, сахнада өте сенімді сөйледі, ән салып, би биледі. Баршаға үлкен алғыс айтамыз!

В рамках реализации программ «Біртұтас тәрбие», «Алматинские школы» 23 декабря 2024 года в КГУ «Гимназия №18» состоялся районный семинар на тему: «Jugend debattiert/Молодежь дебатирует». В работе семинара приняли участие учителя немецкого и казахского языков Алмалинского района.
Цель данного семинара: формирование у обучающихся правовой культуры, гражданской активности, ответственности, способности творчески и критически мыслить. 
Тема дебатов: «Бұрынғы уақыт белдеуіне  қайта оралу керек пе? / Soll die alte Zeitverschiebung  zurückgenommen werden?»
Координаторы семинара: Наурызбаева Г.К., директор гимназии, Мартыненко М.Я. – заместитель директора по воспитательной работе. 
Семинар подготовили и провели учителя немецкого языка Кулумбетова Н.А., Камбарова Ж.Т., Исбулаева Г.Т., учащиеся 10 В и 11 В классов.
На данном семинаре учащиеся 6 Г класса под руководством учителей немецкого языка Исбулаевой Г.Т., Тургуновой Э.Т. показали инсценировку сказки «Aschenputtel» («Золушка»). Ребята были в ярких сказочных костюмах,  очень уверенно выступали на сцене, пели, танцевали. Всем большое спасибо!


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: