07
сәуір
2025
Авторлық бағдарлама
4 апреля 2025 года в КГУ «Гимназия №18» был проведен городской онлайн семинар по трансляции опыта на основе авторских программ на тему: «Русский язык и его роль в познании мира» для учащихся 5 классов, «История: теория и практика» для учащихся 8 классов. Семинар подготовили и провели учитель русского языка и литературы Мартыненко М.Я., учитель истории Жармухамбетова Л.А. Цель программы «Русский язык и его роль в познании мира» для учащихся 5 классов - углубить знания учащихся о русском языке, развить навыки анализа и построения предложений, овладение правильным использованием морфологических, синтактических, пунктуационных правил. В рамках программы учащиеся познакомятся с культурой общения через язык, освоят основы грамматики, освоят основы грамматики, а также научатся анализировать и творчески использовать для описания окружающего мира. Программа «История: теория и практика» для учащихся 8 классов предусматривает развитие у учащихся навыков познавательной и практической деятельности через работу с различными источниками информации, решение проблемных творческих задач, участие в дискуссиях, дебатах, подготовке рефератов, презентаций, освоение приемов исследовательской деятельности. Данный учебный курс предназначен для эффективной подготовки старшеклассников к сдаче итоговой аттестации и ЕНТ по всемирной истории, который по своему содержанию соответствует государственному стандарту. В работе семинара приняли участие: учителя русского языка и литературы Ауэзовского, Медеуского, Алатауского, Бостандыкского, Алмалинского районов г.Алматы, г.Шымкент, г.Каскелен, Алматинской области/ Карасайский район. Учителя истории Ауэзовского, Турксибского, Наурызбайского районов г.Алматы, г.Актобе.
2025 жылғы 4 сәуірде КММ «№18 гимназиясында» 5-сынып оқушыларына арналған «Орыс тілі және оның әлемді танудағы рөлі», 8-сынып оқушыларына арналған «Тарих: теория және тәжірибе» тақырыптарында авторлық бағдарламалар негізінде тәжірибе тарату бойынша қалалық онлайн-семинар өткізілді. Семинарды орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мартыненко М.Я. және тарих пәнінің мұғалімі Жармухамбетова Л.А. дайындап, жүргізді. 5-сынып оқушыларына арналған «Орыс тілі және оның әлемді танудағы рөлі» бағдарламасының мақсаты – оқушылардың орыс тілі туралы білімін тереңдету, сөйлем талдау және құрастыру дағдыларын дамыту, морфологиялық, синтаксистік, тыныс белгілерін дұрыс қолдану дағдыларын меңгерту. Бағдарлама аясында оқушылар тіл арқылы қарым-қатынас мәдениетімен танысып, грамматиканың негіздерін меңгеріп, қоршаған ортаны сипаттауға арналған тілдік құралдарды талдау және шығармашылықпен қолдануды үйренеді. 8-сынып оқушыларына арналған «Тарих: теория және тәжірибе» бағдарламасы оқушылардың танымдық және практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Бұл – түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу, проблемалық-шығармашылық тапсырмаларды шешу, пікірталастарға, дебаттарға қатысу, рефераттар мен презентациялар дайындау, зерттеу жұмыстарының әдістерін меңгеру арқылы жүзеге асады. Аталған оқу курсы оқушыларды дүниежүзі тарихы бойынша қорытынды аттестация мен ҰБТ-ға тиімді дайындауға арналған және өзінің мазмұны жағынан мемлекеттік стандартқа сай келеді. Семинар жұмысына Алматы қаласының Әуезов, Медеу, Алатау, Бостандық, Алмалы аудандарынан, Шымкент қаласы, Қаскелең қаласы мен Алматы облысы Қарасай ауданынан орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, сондай-ақ Алматы қаласының Әуезов, Түрксіб, Наурызбай аудандарынан және Ақтөбе қаласынан тарих пәні мұғалімдері қатысты.