Алматы қаласы Білім басқармасының
«№18 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 379-34-42
Есепші бөлімі:
+7(727) 379-41-10
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Оқушыларды фотоэлектрлік технология үлгісінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың негіздерімен таныстыру
30
сәуір
2025

Оқушыларды фотоэлектрлік технология үлгісінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың негіздерімен таныстыру

2025 жылғы 29 сәуірде біздің гимназиямызға Мәскеу қаласы, Саха Республикасы (Якутия), Бішкек қаласындағы білім беру ұйымдарының басшылары келді. Кездесу оқу-тәрбие жұмысының өзекті бағыттарын, құзыреттілікке негізделген тәсілді қалыптастыру, цифрландыру және тиімді білім беру ортасын құру мәселелерін талқылауға арналған кәсіби алаңға айналды. Қонақтарды гимназияның «Көктем» атты жоғары сынып оқушыларынан құралған хоры қарсы алып, үш музыкалық шығарма орындады. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нурмугамбетова Н.С. және 11 «в» сынып оқушылары Байдилда Нурмухамед пен Балтабаев Асан атақты қазақ композиторы Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады. Неміс тілі пәнінің мұғалімі Кулумбетова Н.А. гимназиямыз, оқушылардың жетістіктері және неміс тілін оқыту болашағы туралы айтып берді. Қонақтар ерекше қызығушылық танытқан шара – неміс тілі пәні бойынша ашық сабақ болды. Сабақты неміс тілі пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Козыбахова С.К. 10 «А» сынып оқушыларымен өткізді. Сабақ барысында педагог заманауи әдістемелерді, жасанды интеллектті қолдануды, пәнаралық байланысты және креативті тәсілдерді көрсетті. 10 «А» сынып оқушылары неміс тілін меңгеру деңгейін көрсетіп, әйгілі неміс композиторлары мен ақындарының шығармаларын орындады. Сабақтың тақырыбы: Der literarisch-musikalische Salon. “Große Persönlichkeiten”. Физика пәнінің мұғалімі Курманбаев Н.М. қонақтарға «Күн мектептері» жобасы туралы айтып берді. Жобаның мақсаты – оқушыларды фотоэлектрлік технология үлгісінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың негіздерімен таныстыру. Кездесу соңында қатысушылар еркін пікір алмасып, қорытынды жасады.

29 апреля 2025 года нашу гимназию посетили руководители организаций образования г.Москвы, Республика Саха ( Якутия), г.Бишкек.
Встреча стала профессиональной площадкой для обсуждения актуальных направлений учебно-воспитательной работы, формирования компетентностного подхода, цифровизации и создания эффективной образовательной среды. Гостей приветствовали учащиеся старшего хора «Көктем», которые исполнили три произведения. Домбристы нашей гимназии учитель английского языка Нурмагамбетова Н.С., учащиеся 11 в класса Байдилда Нурмухамед и Балтабаев Асан исполнили произведение великого казахского композитора Курмангазы «Балбырауын». Учитель немецкого языка Кулумбетова Н.А. рассказала о нашей гимназии, достижениях учащихся, о перспективах изучения немецкого языка. Особый интерес вызвал открытый урок по немецкому языку, который провела учитель немецкого языка, педагог-мастер Козыбахова С.К. с учащимися 10 А класса. Педагог продемонстрировала современные методики, применение искусственного интеллекта, межпредметные связи и креативные подходы. Учащиеся 10 А класса продемонстрировали знание немецкого языка, исполнили произведения известных немецких композиторов и поэтов. Тема урока:  Der literarisch- musikalische Salon. "Große Persönlichkeiten". Учитель физики Курманбаев Н.М. рассказал нашим гостям о проекте «Солнечные школы». Целью проекта является ознакомление школьников с концепцией использования возобновляемых источников энергии на примере фотовольтаики. В завершение участники подвели итоги в свободной дискуссии.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

20 наурыз 2025 «КҮЙ КҮМБІРІ»
26 желтоқсан 2024 «Grosse Persönlichkeiten»
24 қараша 2024 Тәжірибе алмасу