16
наурыз
2026
«Наурыз – көктем мейрамы»
12.03.2026 жылы 5–8 сынып оқушылары арасында «Наурыз – көктем мейрамы» атты қалалық сәндік-қолданбалы өнер байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен сәндік-қолданбалы өнерін насихаттау. Қатысушылар Наурыз мерекесінің көркін, ұлттық мәдениет элементтерін, ою-өрнектер мен салт-дәстүрлерді бейнелейтін жарқын әрі ерекше жұмыстарын ұсынды.
Біздің гимназияның оқушылары: 8 «В» сынып оқушысы Маратова Марта және 7 «А» сынып оқушысы Мацко София байқауда оқу орнымыздың намысын лайықты қорғап, шеберліктерін, шығармашылық көзқарастарын және көркемдік талғамдарын көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша олар жүлделі орындарға ие болды
1. Маратова Марта – І орын
2. Мацко София – ІІ орын
Оқушыларымызды лайықты жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыс, шабыт және жаңа жеңістер тілейміз!
12.03.2026г. проходил районный этап городского конкурса декоративно-прикладного искусства «Наурыз – көктем мейрамы», который был организован среди учащихся 5–8 классов.
Конкурс был направлен на развитие творческих способностей школьников, популяризацию национальных традиций и декоративно-прикладного искусства казахского народа. Участники представили яркие и оригинальные работы, отражающие красоту весеннего праздника Наурыз, элементы национальной культуры, орнаменты и традиции.
Ученицы нашей гимназии:
МАРАТОВА МАРТА - ученица 8 “В”класса и МАЦКО СОФИЯ - ученица 7 “А” класса достойно представили учебное заведение, проявив мастерство, творческий подход и художественный вкус.
По итогам конкурса они заняли призовые места:
1. Маратова Марта - 1 место
2. Мацко Мофия - 2 место продемонстрировав высокий уровень подготовки и таланта.
Поздравляем наших учениц с заслуженными достижениями и желаем им дальнейших творческих успехов, вдохновения и новых побед!


