27
сәуір
2026
Неміс тілі бойынша Республикалық олимпиада
2026 жылғы 27 сәуірде КММ «№18 гимназияда» неміс тілі бойынша Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері — 11 «В» және 10 «В» сынып оқушылары ГАДЕЕВА ДИАНА мен КРЫЛОВА ЛАУРЫ салтанатты қарсы алу өтті.
Беделді олимпиадаға қатысу оқушылардың білім жолындағы маңызды кезеңдердің бірі болды. Байқау барысында олар неміс тілін жоғары деңгейде меңгергендерін, терең білімдерін, эрудициясын және сенімді коммуникативтік дағдыларын көрсетті. Интеллектуалдық сайыс қорытындысы бойынша Диана мен Лаура I және II орындардың жүлдегерлері атанып, гимназия намысын республикалық деңгейде лайықты қорғады.
Гимназияда оқушыларды ерекше ықыласпен және зор мақтанышпен қарсы алды. Педагогикалық ұжым, әкімшілік және сыныптастары жүлдегерлерді жоғары жетістіктерімен құттықтап, олардың еңбекқорлығы, мақсатқа ұмтылысы мен білімге деген құштарлығын атап өтті. Сонымен қатар, оқушыларды дайындауға елеулі үлес қосқан ұстаз-тәлімгерлерге ерекше алғыс білдірілді.
Гадеева Диана мен Крылова Лаураның жетістігі — жүйелі еңбектің, педагогтардың қолдауы мен жеке табысқа деген ұмтылыстың нәтижесі. Олардың жеңісі — табандылық пен шет тілдерін меңгеруге деген сүйіспеншіліктің жаңа мүмкіндіктер мен көкжиектерге жол ашатынының жарқын дәлелі.
№18 гимназия ұжымы оқушыларды лайықты марапаттарымен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейді!
27.04.2026г. в КГУ «Гимназия № 18» состоялась торжественная встреча призёров Республиканской олимпиады по немецкому языку — учащихся 11 «В» и 10 «В» классов ГАДЕЕВОЙ ДИАНЫ и КРЫЛОВОЙ ЛАУРЫ.
Участие в престижной олимпиаде стало важным этапом в образовательном пути учениц. На протяжении конкурсных испытаний они продемонстрировали высокий уровень владения немецким языком, глубокие знания, эрудицию и уверенные коммуникативные навыки. По итогам интеллектуального состязания Диана и Лаура стали призёрами 1-го и 2-го мест, достойно представив гимназию на республиканском уровне.
В гимназии учениц встретили с особой теплотой и гордостью. Педагогический коллектив, администрация и одноклассники поздравили призёров с высоким достижением, отметив их трудолюбие, целеустремлённость и стремление к знаниям. Особые слова благодарности были адресованы учителям-наставникам, которые внесли значительный вклад в подготовку участниц.
Достижение Гадеевой Дианы и Крыловой Лауры — это результат системной работы, поддержки педагогов и личной мотивации к успеху. Их победа стала ярким примером того, как упорство и любовь к изучению иностранных языков открывают новые возможности и горизонты.
Коллектив гимназии № 18 поздравляет учениц с заслуженной наградой и желает дальнейших успехов, новых побед и высоких достижений
