25
желтоқсан
2024
«Ұстаз» фильмі – мұғалімдер үшін шабыт көзі
#біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_алматы
«Ұстаз» фильмі – мұғалімдер үшін шабыт көзі
2024 жылдың 25 желтоқсанында гимназия мұғалімдері «Ұстаз» фильмін тамашалады.
Бұл фильмнің негізгі мақсаты – көрермендерге мұғалім мамандығының жай ғана жұмыс емес, нағыз миссия, шынайы қызмет екенін көрсету. Фильм жас маманның өз туған ауылына мұғалім ретінде оралуы жайында баяндайды. Онда педагогтың рөлі, білім беру мен тәрбиелеу үдерісін жақсартуға ұмтылысы, сондай-ақ кәсіби қызмет барысында кездесетін қиындықтар мен қуаныштар көрсетілген.
Фильм идеясының авторы – Бейсен Куранбек , сценаристі – Гүлмира Зербай. Фильмде Жетісу облыстық драма театры мен Оқушылар сарайы поэзия театрының әртістері рөл сомдаған.
«Ұстаз» фильмі гимназия мұғалімдеріне эмоционалдық қолдау көрсетіп, оларды білім беру мен тәрбиелеу үдерісінде заманауи тәсілдерді дамытуға және енгізуге шабыттандырды.
Фильмді көргеннен кейін мұғалімдер мұндай шығармалардың бір адамның өз ісіне деген махаббаты арқылы балалардың әлеуетін ашып, қоғамды ортақ идея төңірегінде біріктіруге үлкен әсер ететінін түсінуге мүмкіндік беретінін атап өтті.






