«Жүрегі жырдан жаралған»
Шаңырақ күні мерекесіне арналған «Жүрегі жырдан жаралған» атты поэзиялық кеш
14 наурызда КММ «№18 гимназияда» ақын Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Жүрегі жырдан жаралған» атты поэзия кеші өтті. Аталмыш поэзиялық кештің мақсаты: Тұманбай Молдағалиевтің ақындық өнерін шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюді, оны бағалай білуді үйрету. Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылығына арналған бұл кеште гимназиямыздың оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін өте жақсы орындады. Балалардың бойынан өнерге деген, әсіресе, поэзияға деген үлкен сүйіспеншілік байқалды.Бұл күн ерекше есте қалды, себебі концерттік бағдарлама өте қызық, әрі жан-жақты болды, ұстаздар да, балалар да жақсы әсер алды.


