05
сәуір
2025
Ата-аналар жиналыстары
#біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_алматы

Ата-аналар жиналыстары
2025 жылғы 3 сәуірде гимназияда 1–11 сынып оқушыларының ата-аналары үшін ата-аналар жиналыстары өтті.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:
1. III тоқсанның қорытындылары. Оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуы, оқу қызметінің нәтижелерін талқылау.
2. Салауатты өмір салтының құқықтық негіздері. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексімен таныстыру, құқықтық білім беру аясында түсіндіру.
3. Отбасындағы санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау. Балалардың денсаулығын сақтау үшін гигиеналық талаптарды орындаудың маңыздылығы туралы ақпарат.
4. Баланың күн тәртібі – денсаулықты сақтау тәсілі. Мектеп оқушысының күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға арналған ұсыныстар.
5. Алкоголь, темекі және есірткі заттарын қолданудың алдын алу. Зиянды әдеттерге қарсы күрес шаралары және балаға үлгі болу арқылы тәрбие беру.
6. Табиғатқа ұқыпты қарауды тәрбиелеу.
7. Ата-аналарға арналған педагогикалық қолдау орталығы, «Даналық мектебі» клубының жұмысы. Орталықтың қызметі мен ата-аналарға арналған мүмкіндіктерді таныстыру.
8. «ДосболLIKE» буллингтің алдын алу бағдарламасы. Мектеп ортасында буллингтің алдын алу шаралары және бағдарлама туралы ақпарат.
9. «Жеке қауіпсіздік» сабақтары. Оқушылар үшін жеке қауіпсіздік бойынша сабақтарды өткізу мәселесін талқылау.
10. Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар. Мектеп формасының стандарттарын сақтау туралы ескерту.
11. Жазғы демалыс бойынша алдын ала ақпарат. Жазғы кезеңге жоспарланған іс-шаралар мен лагерьлер туралы мәліметтер.
12. Кәмелетке толмаған оқушылардың мектепке велосипедпен және самокатпен келуіне тыйым. Мектеп аумағындағы тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін талқылау.
13. Жол жүру ережелері. Жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениеті мен негізгі жол ережелерін қайталау.
Гимназия директоры Наурызбаева Г.К., тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Мартыненко М.Я. және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Рожкова Н.Л. ата-аналар жиналыстарына қатысып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.
Ата-аналар пікірталастарға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, гимназия әкімшілігінің өкілдерінен толық жауаптар алды. Мұндай жиналыстар мектеп пен отбасы арасындағы өзара байланысты нығайтып, балалардың білім алуы мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.
Родительские собрания
3 апреля 2025 года в гимназии прошли родительские собрания для родителей учащихся 1–11 классов.
Основные вопросы повестки дня:
1.Итоги 3-й четверти. Обсуждение успеваемости и посещаемости учащихся, анализ результатов учебной деятельности.
2.Правовые основы здорового образа жизни. Ознакомление с Кодексом Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения» в рамках правового всеобуча.
3.Соблюдение санитарно-гигиенических норм в семье. Информация о важности соблюдения санитарно-гигиенических норм для здоровья детей.
4.Режим дня для ребенка как способ охраны здоровья. Рекомендации по организации режима дня школьника для поддержания его здоровья.
5.Профилактика употребления алкоголя, табакокурения, наркотических веществ. Обсуждение мер по борьбе с вредными привычками и воспитание ребенка на собственном примере.
6. Воспитание бережного отношения к природе.
7.Работа Центра педагогической поддержки родителей, клуба «Даналық мектебі». Представление деятельности центра и возможностей для родителей.
8.Программа профилактики буллинга «ДосболLIKE». Информация о программе и мерах по предотвращению буллинга в школьной среде.
9.Уроки «Личная безопасность». Обсуждение проведения уроков по личной безопасности для учащихся.
10.Требования к обязательной школьной форме. Напоминание о соблюдении стандартов школьной формы.
11. Предварительные сведения по летнему отдыху. Информация о планируемых мероприятиях и лагерях на летний период.
12.Запрет на приезд в школу несовершеннолетними учащимися на велосипедах и самокатах. Обсуждение правил поведения и безопасности на территории школы.
13.Правила дорожного движения. Повторение основных правил дорожного движения и культуры безопасного поведения на дорогах. Директор гимназии Наурызбаева Г.К., заместитель директора по воспитательной работе Мартыненко М.Я. и заместитель директора по учебно-методической работе Рожкова Н.Л., посетили родительские собрания и ответили на вопросы родителей.
Родители активно участвовали в обсуждениях, задавали вопросы и получали подробные ответы от представителей администрации гимназии. Подобные собрания способствуют укреплению взаимодействия между школой и семьей, обеспечивая комфортные условия для учебы и развития детей.
