07
мамыр
2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара
#біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_алматы

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара
2025 жылғы 6 мамырда гимназияның акт залында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Гимназия директоры Наурызбаева Гульджамиля Каратаевна жиналғандарды Жеңіс мерекесімен құттықтап, баршаға зор денсаулық, бейбіт өмір, амандық және бізге азаттық сыйлаған жандарға жарқын естелік тіледі! Салтанатты құттықтаудан кейін көрермендер 1941–1945 жылдардағы соғыс жылдарының атмосферасына енді. Сахнада қоштасу белгісіндей болып, түлектер жеңіл вальс биледі. Бірінен кейін бірі көрермендердің көңілін толқытқан сахналар өтті: ана ұлын майданға шығарып салды, еріктілер алғы шепке аттанды, сарбаздар демалыс сәттерін өткізді. Алия Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқаны жайлы қайғылы хабар сахнада айтылған сәт ерекше әсерлі болды. Сондай-ақ жас пионер-қаһармандардың ерлігі де назардан тыс қалмады. Блокадалық Ленинградтағы өмір көріністері мен «Ленинградтықтар, балаларым менің!» атты өлеңнің оқылуы көптеген көрермендердің жанарына жас үйірді. Көрермендер залында Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Іс-шара «Ұлы соғыс ардагерлеріне» және «Жеңіс күні» әндерінің орындалуымен аяқталып, көрермендердің ыстық ықыласына, шапалақ пен алғыс көз жасына бөленді. Бұл кеш халық ерлігіне деген құрмет, мақтаныш пен естеліктерге толы әсерлі әрі жарқын аяқталды!
Торжественное мероприятие, посвящённое 80-летию Победы в Великой Отечественной войне
6.05.25 г в актовом зале гимназии состоялось торжественное мероприятие, приуроченное к 80-летию Победы в Великой Отечественной войне. Директор гимназии Наурызбаева Гульджамиля Каратаевна поздравила всех присутствующих с праздником Победы, пожелала всем здоровья, мира, благополучия и светлой памяти тем людям, кто подарил нам свободу! После торжественного поздравления зрители окунулись в атмосферу военных лет 1941–1945 годов. На сцене в праздничном вальсе кружились выпускники — как символ прощания перед уходом на фронт. Одну за другой сменяли трогательные сцены: мать провожала сына на войну, добровольцы отправлялись на передовую, солдаты отдыхали на привале. Особенно эмоциональным стал момент, когда на сцене прозвучала трагическая весть о гибели героини Алиии Молдагуловой. Не остались без внимания и подвиги юных пионеров-героев. Трогательные сцены из жизни блокадного Ленинграда и чтение стихотворения «Ленинградцы,дети мои!»вызвали слёзы у многих зрителей. Весь зал почтил память погибших в Великой Отечественной Войне минутой молчания. Завершилось мероприятие исполнением песен «Ветеранам Великой войны» и «День Победы», вызвавших бурю аплодисментов и слёзы благодарности. Это стало ярким финалом проникновенного вечера, наполненного памятью, гордостью и уважением к подвигу народа!
