Алматы қаласы Білім басқармасының
«№18 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 379-34-42
Есепші бөлімі:
+7(727) 379-41-10
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
мамыр
2025

Ардагерлерді құттықтау

#біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_алматы
Ардагерлерді құттықтау
Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында 9 «А» сынып оқушылары соғыс жылдарын балалық шағында бастан кешкен Можаева Маргарита Леонидовнаға барды. Соғыс жылдары бала болса да, ол ересектермен бірге сол уақыттың ауыртпалығын және қиыншылықтарын бастан өткерді. Маргарита Леонидовна соғыс жылдарындағы балалық шағы туралы естеліктерімен бөлісті: ересектерге қалай көмектескені, майданнан хатты қалай күткендері, елдің сол ауыр жылдары қалай өмір сүргені жайлы айтты. Бұл кездесу оқушыларға терең әсер қалдырды. Бұл — ерлік сабағы, соғыс жылдарындағы ерлік тек майдандағы жауынгерлерге ғана емес, сонымен қатар тылда жеңіс үшін еңбек еткен миллиондаған балаларға, әйелдерге, қарттарға да тиесілі екендігін еске салатын тағылымды оқиға болды.

Поздравление ветерана.
В преддверии 80-летия Победы в Великой Отечественной войне учащиеся 9а посетили Можаеву Маргариту Леонидовну, пережившую военные годы в детском возрасте. Несмотря на то, что в годы войны она была ещё ребёнком, наравне со взрослыми пережила тяготы и лишения того времени. Маргарита Леонидовна поделилась воспоминаниями о детстве в годы войны: о том, как помогала взрослым, как ждали писем с фронта, как жила страна в те трудные годы. Встреча оставила глубокое впечатление у учащихся. Она стала уроком мужества, напоминанием о том, что подвиг военного времени принадлежит не только солдатам на передовой, но и миллионам детей, женщин, стариков, ковавших Победу в тылу.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

05 мамыр 2025 Жеңіс күні
05 мамыр 2025 Жеңіс күні
05 мамыр 2025 Жеңіс күні