Алматы қаласы Білім басқармасының
«№18 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 379-34-42
Есепші бөлімі:
+7(727) 379-41-10
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2025

Білім күніне арналған салтанатты жиын

Білім күніне арналған салтанатты жиын
2025 жылдың 1 қыркүйегінде гимназияда Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Гимназия директоры Наурызбаева Г.К. құттықтау сөз сөйлеп, 1-сынып және 11-сынып оқушыларына жаңа оқу жылында табыс, жаңа жетістіктер тіледі.
Бірінші сынып оқушылары жүрек тебірентер өлеңдер оқып, ән орындап, ынтамен оқуға және сабаққа ешқашан кешікпеуге уәде берді. Мерекенің нағыз сәніне айналған «Жас жұлдыздар» би ансамблінің жарқын өнері көпшіліктің көңілінен шықты.
Тосын сый ретінде 11-сынып оқушылары өздерінің кішкентай 1 сынып оқушыларына алғашқы оқулықтарды — Әліппе, қазақ тілі және математика кітаптарын табыстады.
Салтанатты жиынның шарықтау шегі алғашқы қоңырау үні болды. Оны соғу құрметі олимпиада мен байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 11-сынып оқушыларына берілді.
Мереке жоғары деңгейде өтіп, барлық қатысушылар мен қонақтарға ең жарқын әрі жағымды әсер сыйлады.

Торжественная линейка, посвящённая Дню знаний
1 сентября 2025 года в гимназии состоялась торжественная линейка, посвящённая Дню знаний.
С поздравительной речью выступила директор гимназии Наурызбаева Г.К., которая пожелала учащимся 1-х и 11-х классов успешного учебного года, отличной учёбы и новых достижений.
Первоклассники трогательно прочитали стихи и исполнили песню, пообещав прилежно учиться и никогда не опаздывать на уроки. Настоящим украшением праздника стало яркое выступление танцевального коллектива «Юные звёзды».
Сюрпризным моментом стало символическое вручение учебников — Букваря, казахского языка и математики — одиннадцатиклассниками своим младшим товарищам.
Кульминацией линейки прозвучал первый школьный звонок. Почётное право дать его было предоставлено учащимся 11-х классов, победителям и призёрам олимпиад и конкурсов.
Праздник прошёл торжественно и ярко, оставив у всех участников и гостей самые положительные впечатления.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: