Алматы қаласы Білім басқармасының
«№18 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 379-34-42
Есепші бөлімі:
+7(727) 379-41-10
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Республика күніне арналған мерекелік іс-шара
23
қазан
2025

Республика күніне арналған мерекелік іс-шара

#RepublicDay #25Қазан, #Декларация35жыл, #МеніңҚазақстаным
Республика күніне арналған мерекелік іс-шара
2025 жылдың 23 қазан күні гимназияның акт залында 9 «А», «Б», «В» және «Г» сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының 35 жылдығына арналған ашық сыныптан тыс мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараны гимназия директоры Наурызбаева Г.К. құттықтау сөзімен ашып, оқушылар мен ұстаздарды мемлекеттік мерекемен құттықтады, баршаға бейбіт өмір, амандық және толағай табыс тіледі.
Мерекелік бағдарламада патриоттық әндер шырқалып, мәнерлеп өлеңдер оқылды, домбырада күмбірлеген күй орындалып, әсерлі флешмоб көрсетілді.
Концерттік бағдарламаны дайындаған сынып жетекшілері:
Жолдасбаева А.С., Султанова Г.А., Исбулаева Г.А., Тасыбаева Т.С., сондай-ақ мұғалімдер: Меймахан Г., Тугелбаева М.А., Сейтканова К.Т., Шертанова Б.Н., Машанло С.Л.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, патриоттық рух, мақтаныш пен бірлік атмосферасын қалыптастырды.
Бұл мереке Отанға деген сүйіспеншіліктің және Қазақстан тарихына деген құрметтің шынайы символына айналды!

Праздничное мероприятие, посвящённое Дню Республики Казахстан
23 октября 2025 года в актовом зале гимназии прошло открытое внеклассное мероприятие, посвящённое 35-летию Дня Республики Казахстан, организованное классными руководителями 9 «А», «Б», «В» и «Г» классов.
С приветственным словом выступила директор гимназии Наурызбаева Г.К., которая поздравила учащихся и педагогов с государственным праздником, пожелала всем мира, благополучия и дальнейших успехов.
В праздничной программе прозвучали песни, выразительное чтение стихов, мелодии на домбре и зажигательный флешмоб.
Праздничную концертную программу подготовили классные руководители:
Жолдасбаева А.С., Султанова Г.А., Исбулаева Г.А., Тасыбаева Т.С.,
а также учителя: Меймахан Г., Тугельбаева М.А., Сейтканова К.Т., Шертанова Б.Н., Машанло С.Л.
Мероприятие прошло на высоком уровне, создав атмосферу патриотизма, гордости и единства.
Праздник стал настоящим символом любви к Родине и уважения к истории Казахстана!
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: