23
желтоқсан
2025
«Баланың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік»
«Баланың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік»
Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы «Баланың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік»
Құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстарының күшейтілуіне байланысты 2025 жылғы 18 желтоқсанда гимназияның акт залында «Баланың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік» тақырыбында кезектен тыс жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа сыныптардың ата-аналар комитеттерінің төрағалары мен Қамқоршылық кеңесінің мүшелері қатысты.
Гимназия директоры Наурызбаева Г. К. ата-аналарға (заңды өкілдерге) оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы мінез-құлқына бақылауды күшейту қажеттігі туралы ақпарат берді: түсіндіру және алдын алу әңгімелерін жүргізу, баланың эмоционалдық жағдайына күн сайын назар аудару, сондай-ақ мектепке тыйым салынған және қауіпті заттардың әкелінуіне жол бермеу мақсатында оқушының мектеп сөмкесінің (портфелінің) ішін күнделікті тексеру қажеттігін атап өтті.
Алмалы ауданы ПБ ЮПБ ЮППБ-нің полиция майоры Аяганов К. К. және полиция лейтенанты Халидинов Н. Е. ата-аналарға Қазақстан Республикасы заңнамасының келесі нормалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді:
– Қазақстан Республикасының Конституциясы: 15, 17-баптар;
– Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі:
9-тарау, 65, 66, 69-баптар;
10-тарау, 70-бап – «Тәрбиелік ықпал ету шараларының мазмұны»;
– Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі:
6-бөлім – «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы»;
80, 81, 84-баптар.
Жиналыс қорытындысы бойынша білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өмірі мен денсаулығын сақтауға және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған мектеп пен отбасының бірлескен жұмысын жалғастыру туралы шешім қабылданды.



