Алматы қаласы Білім басқармасының
«№18 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 379-34-42
Есепші бөлімі:
+7(727) 379-41-10
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қарапайым еңбек адамдарына алғыс» челленджі
24
желтоқсан
2025

«Қарапайым еңбек адамдарына алғыс» челленджі

«Қарапайым еңбек адамдарына алғыс» челленджі
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Бұл – қоғамдағы тәртіп, тұрақтылық пен игілікті өз еңбегімен қалыптастырып жүрген жандарға көрсетілген зор құрметтің белгісі.
Осы бастама аясында «№18 гимназия» КММ оқушылары «Қарапайым еңбек адамдарына алғыс» челленджіне белсене қатысып, гимназияның техникалық қызметкерлері — Каинбаева Гульдария мен Омирбаева Советханға ерекше ілтипатпен алғыстарын білдірді. Олар гимназияда 22 жыл және 20 жыл еңбек етіп келеді. Көпжылдық адал еңбегі, жауапкершілігі мен өз ісіне деген берілгендігі – нағыз кәсіби шеберліктің жарқын үлгісі.
Гимназия оқушылары қызметкерлерді шын жүректен құттықтап, жұмысшы мамандық иелеріне деген терең құрметтерін білдірді, олардың қоғам өміріндегі маңызы мен өлшеусіз үлесін айқын түсінетіндерін көрсетті.
Осындай бастамалар арқылы жас ұрпақтың бойында еңбекке деген құрмет қалыптасып, еңбекқорлық, жауапкершілік және отансүйгіштік қасиеттер тәрбиеленеді.

Челлендж «Поздравление простых рабочих»
Указом Президента Республики Казахстан 2025 год объявлен Годом рабочих профессий — как знак глубокого уважения к труду и людям, чьими руками создаются порядок, стабильность и благополучие общества.
В рамках данной инициативы учащиеся КГУ «Гимназия №18» приняли активное участие в челлендже «Поздравление простых рабочих» и с особым почтением выразили благодарность техническому персоналу гимназии — Каинбаевой Гульдауре и Омирбаевой Советхан, посвятившим работе в гимназии 22 года и 20 лет. Их многолетний добросовестный труд, ответственность и преданность профессии являются ярким примером истинного служения своему делу.
Учащиеся гимназии искренне поздравили работников и выразили глубокое уважение к людям рабочих профессий, осознавая их важную роль и неоценимый вклад в жизнь общества. 
Через такие инициативы у подрастающего поколения формируется уважительное отношение к труду, воспитываются трудолюбие, ответственность и патриотизм.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: