Алматы қаласы Білім басқармасының
«№18 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 379-34-42
Есепші бөлімі:
+7(727) 379-41-10
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Мектептегі инклюзия: нормативтер, тәсілдер, тәжірибе”
31
желтоқсан
2025

“Мектептегі инклюзия: нормативтер, тәсілдер, тәжірибе”

2025 жылғы 29 желтоқсанда  «№18 Гимназияда” КММ  “Мектептегі инклюзия: нормативтер, тәсілдер, тәжірибе” тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Аталған іс-шара педагогтердің инклюзивті білім беруді ұйымдастыру мәселелері бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды.
     Педагогикалық кеңес барысында мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған баяндамалармен Ыбышева Алмагүл Сейтжанқызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ ФАО Қоғамдық-гуманитарлық бағыт кафедрасының аға оқытушысы, сондай-ақ Саримов Нұржан Айдынұлы, Алматы қалалық инклюзивті ресурстық орталығының әдіскері сөз сөйледі. Баяндамашылар ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды оқыту мен сүйемелдеудің заманауи тәсілдерін, инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық негіздерін және тиімді педагогикалық тәжірибелерді таныстырды.
           Білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Педагог-психолог Хазова Яна Ивановна қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру және оқушылардың эмоционалдық әл-ауқатын дамыту бойынша ұсынымдар ұсынды, ал арнайы педагог Ахмуллаева Зарина Аскарқызы білім беру бағдарламаларын бейімдеу және оқытуды дараландыру тәжірибесімен бөлісті.
           Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Тулеуова Ж.Н. үйде оқыту мен экстернатты ұйымдастырудың негізгі мәселелеріне тоқталды. Баяндама барысында білім алушыларды аталған оқу нысандарына ауыстыру шарттары, білім беру үдерісіне қатысушылардың жауапкершілігі, құжаттаманы жүргізу ерекшеліктері және оқу бағдарламаларын меңгеру сапасын бақылау мәселелері қарастырылды.
          Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Рожкова Н.Л. білім алушылардың І жартыжылдықтағы білім, білік және дағдыларының деңгейіне талдау ұсынды.
       Аталған педагогикалық кеңестің өткізілуі педагогтер арасында тәжірибе алмасуға, кәсіби білімдерін кеңейтуге және әрбір бала үшін тең білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған инклюзивті білім беру қағидаттарын бірізді түсінуге ықпал етті.

29 декабря 2025 года в КГУ “Гимназия-18” состоялся педагогический совет на тему «Инклюзия в школе: нормативы, подходы, практика», направленный на повышение профессиональной компетентности педагогов в вопросах организации инклюзивного образования.
        В ходе Педсовета с содержательными и практико-ориентированными выступлениями выступили Ыбышева Алмагуль Сейтжановна,  старший преподаватель кафедры «Общественно-гуманитарного направления» ФАО НЦПК «Өрлеу», а также Саримов Нуржан Айдынович, методист Городского инклюзивного ресурсного центра г.Алматы, которые осветили современные подходы к обучению и сопровождению обучающихся с особыми образовательными потребностями, нормативно-правовые основы инклюзии и эффективные педагогические практики.
     Особое внимание было уделено вопросам психолого-педагогического сопровождения. Педагог-психолог Хазова Яна Ивановна представила рекомендации по созданию благоприятной образовательной среды и развитию эмоционального благополучия обучающихся, а специальный педагог Ахмуллаева Зарина Аскаровна поделилась опытом работы по адаптации образовательных программ и индивидуализации обучения.
      Заместитель директора по учебной работе Тулеуова Ж.Н. осветила ключевые вопросы организации обучения на дому и экстерната. Были рассмотрены условия перевода обучающихся на данные формы обучения, ответственность участников образовательного процесса, ведение документации и контроль качества освоения учебных программ.
      Заместитель директора по учебной работе Рожкова Н.Л. представила анализ уровня знаний, умений и навыков учащихся  за І - полугодие. 
       Проведение данного педагогического совета способствовало обмену опытом, расширению профессиональных знаний педагогов и формированию единого понимания принципов инклюзивного образования, направленного на обеспечение равных возможностей для каждого ребёнка.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: