24
ақпан
2026
Мамандық таңдау
23 ақпан 2026 жылы 9, 10, 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында гимназияға профориентатор Баймұхамедова Ж.А. шақыруымен келесі оқу орындарының өкілдері келді:
А. Абдрахманов – Swiss Institute of Technology and Entrepreneurship (Алматы қаласындағы Швейцария технологиялар және кәсіпкерлік институты) директоры;
Нұрмырза А.В. – НИЯУ МИФИ Алматы филиалының қабылдау бөлімінің маманы;
Санкт-Петербургский Гуманитарный университет профсоюзов атынан профессор Цепкова Л.Б.;
білім беру орталығы EDU STUDIO жазғы бағдарлама бойынша кеңесші Хайдарова К.
Кездесу барысында қонақтар оқу орындарына түсу шарттары, ережелері мен оқу формалары туралы жан-жақты ақпарат беріп, оқушыларға буклеттер мен постерлер таратты.
Мамандық таңдау — бұл жай ғана жұмыс іздеу емес, өз талантың мен еңбек нарығының сұранысы тоғысатын өмірлік орныңды табу. Кәсіби бағдар беру кездейсоқ таңдауды саналы шешімге айналдырып, «босқа кеткен жылдар» қорқынышынан арылуға көмектеседі.
Қазіргі заманғы мамандық таңдаудың тәсілі үш негізгі қағидаға негізделеді:
«Қалаймын» — шынайы қызығушылықтарыңыз бен шабыт беретін істеріңіз.
«Қолымнан келеді» — қазіргі дағдыларыңыз, қабілеттеріңіз және психологиялық ерекшеліктеріңіз.
«Қажет» — мамандықтың сұранысқа ие болуы және болашақтағы табыс әлеуеті.
23 февраля 2026 года с целью профориентации учащихся 9,10,11 классов в гимназию были приглашены профориентатором Баймухкмедовой Ж.А. следующие представители А.Абдрахманова
Директор Swiss Institute of Technology and Entrepreneurship Швейцарский институт технологий и предпринимательства в Алматы ,Нурмырза А.В. - специалист управления по приему Алматинского филиала НИЯУ МИФИ ,Санкт -Петербургский Гуманитарный Университет профсоюзов в лице профессора Цепковой Л.Б, образовательный центр EDU STUDIO с консультантом по летней программе Хайдаровой К,которые рассказали о условиях, правилах и формах поступления в учебные заведения ,делились с учащимися буклетами и постерами .
Выбор профессии — это не просто поиск работы, а способ найти своё место в мире, где таланты пересекаются с потребностями рынка. Профориентация помогает превратить хаотичный выбор в осознанный маршрут, избавляя от страха «потраченных впустую лет».
Современный подход к выбору пути строится на трёх китах:
«Хочу» — ваши истинные интересы и то, что приносит драйв.
«Могу» — ваши текущие навыки, способности и психологические особенности.
«Надо» — востребованность профессии и потенциал её оплаты в будущем.
