Алматы қаласы Білім басқармасының
«№18 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 379-34-42
Есепші бөлімі:
+7(727) 379-41-10
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
сәуір
2026

«Greenup.kz» қоғамдық қоры

«Greenup.kz» қоғамдық қоры — 2019 жылы Алматыда құрылған әлеуметтік экологиялық ұйым. Біз адамдарға қалдықтарды бөлек жинауды үйренуге, саналы тұтынуға көшуге және күнделікті өмірде экологиялық әдеттерді қалыптастыруға көмектесеміз. Қор экологиялық іс-шаралар ұйымдастырады (эко-сенбіліктер, дәрістер, мастер-кластар, экоакциялар), сондай-ақ тұрғындарды, бизнесті және қалалық құрылымдарды біріктіріп, экологиялық шешімдерді бірге енгізуге ықпал етеді.
Қордың негізгі жобасы — Recycle Бірге экоакциясы. Бұл — қала тұрғындарын, бизнес пен әлеуметтік бастамаларды біріктіретін, шағын фестиваль форматындағы экологиялық іс-шара. Мұнда әркім қайта өңдеуге арналған қалдықтарын тапсырып, заттарға екінші өмір сыйлап, дармарка мен кітап алмасуға қатысып, пайдалы мастер-кластар мен экобілім беру белсенділіктеріне қосыла алады.
Recycle Бірге — бұл жай ғана іс-шара емес, бұл адамдарды экологиялық өмір салтына жұмсақ әрі түсінікті түрде тартатын алаң. Жоба тұрақты әдеттерді қалыптастыруға, қайта өңдеуге деген сенімді арттыруға және қалдықтарды азайтуға бағытталған. Жыл сайын экоакциялар аясында ондаған тонна екінші шикізат жиналып, мыңдаған адам қатысып, түрлі әлеуметтік және қайырымдылық бастамаларға қолдау көрсетіледі. 

Общественный фонд «Greenup.kz» — некоммерческая экологическая организация, основанная в 2019 году в Алматы, деятельность которой направлена на развитие культуры раздельного сбора отходов, осознанного потребления и устойчивого образа жизни. Фонд занимается организацией экологических мероприятий (экосубботники, лекции, мастер-классы, экоакции, экологизация активностей), а также объединяет жителей, бизнес и городские структуры для внедрения экологичных практик и повышения экологической осведомлённости населения.
Ключевым проектом фонда является экоакция Recycle Бірге — городской экологический формат, объединяющий жителей, бизнес и социальные инициативы вокруг принципов раздельного сбора и повторного использования ресурсов. Экоакция проходит в формате мини-фестиваля с тематическими зонами: приём вторсырья на переработку, сбор вещей для повторного использования, дармарка, книгообмен, экопросветительские активности и мастер-классы. Проект направлен на формирование устойчивых экологических привычек, повышение доверия к системе переработки и вовлечение горожан в практические действия по сокращению отходов. В рамках экоакций ежегодно собираются десятки тонн вторсырья, вовлекаются тысячи участников и поддерживаются социальные и благотворительные инициативы.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: