Алматы қаласы Білім басқармасының
«№18 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 379-34-42
Есепші бөлімі:
+7(727) 379-41-10
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Аудандық кезеңдегі қалалық театр өнері байқау-фестивалі
17
сәуір
2026

Аудандық кезеңдегі қалалық театр өнері байқау-фестивалі

Аудандық кезеңдегі қалалық театр өнері байқау-фестивалі
2026 жылғы 13 сәуірде Алмалы ауданында «Театрдың ғажайып әлемі» атты қалалық театр өнері байқау-фестивалінің аудандық кезеңі өтті. Аталған байқауға Алмалы ауданы мектептерінің театр ұжымдары қатысты.
Біздің гимназиямыздың намысын 4 «Б» және 3 «Б» сынып оқушылары абыроймен қорғады. Жас әртістер «Ертегілер қалай шатасып кетті» атты жарқын да қызықты қойылым ұсынып, қазылар алқасын шынайылығымен, актерлік шеберлігімен және шығармашылық көзқарасымен тәнті етті.
Байқау қорытындысы бойынша біздің дарынды оқушыларымыз жүлделі III орынға ие болды!
Кішкентай әртістерімізді және жетекшілері Ергазина З.Е. мен Тугельбаева М.А.-ны жоғары нәтижемен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта шығармашылық табыс, шабыт және жаңа жеңістер тілейміз!

Районный этап городского конкурса-фестиваля театрального искусства
13.04.26 г состоялся районный этап городского конкурса-фестиваля театрального искусства «Театрдың ғажайып әлемі», в котором приняли участие театральные коллективы школ Алмалинского района.
Нашу гимназию достойно представили учащиеся 4 «Б» и 3 «Б» классов. Юные артисты продемонстрировали яркое и увлекательное театральное представление «Как сказки перепутались», покорив жюри своей искренностью, артистизмом и творческим подходом.
По итогам конкурса наши талантливые ребята заняли почётное 3 место!
Поздравляем наших маленьких артистов и руководителей коллектива Ергазину З.Е. и Тугельбаеву М.А. с отличным результатом! 
Желаем дальнейших творческих успехов, вдохновения и новых побед!


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: