14
мамыр
2026
«Тұран» университетінің Жоғары құқық мектебінің өкілдерімен кездесуі
Гимназия оқушыларының аға прокурормен және «Тұран» университетінің Жоғары құқық мектебінің өкілдерімен кездесуі
14.05.2026 ж. гимназияның акт залында 11 «А», 11 «В», 10 «А», 10 «Б», 10 «В», 9 «Б» сынып оқушыларының аға прокурор Абдикаримова А.С., прокурор көмекшісі Туяков А.К., «Тұран» университетінің Жоғары құқық мектебінің оқытушыларымен, қабылдау комиссиясының үгіт-насихат тобының өкілдерімен және қоғам белсенділерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында аға прокурор Абдикаримова А.С. кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі, құқық бұзушылықтың алдын алу, жеке тұлғаға қарсы қылмыстар, соның ішінде жыныстық сипаттағы қылмыстардың профилактикасы мәселелеріне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, ол «ZHASTARMEN – За закон и порядок» жобасы туралы айтып, аталған жобаның мақсаттары мен міндеттері көрсетілген бейнематериалды таныстырды.
«Тұран» университетінің Жоғары құқық мектебінің өкілдері оқушыларды оқу орнының қызметімен таныстырып, болашақ заң саласы мамандарын даярлау туралы, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілетін профилактикалық жұмыстар, соның ішінде түсіндіру кездесулері, рейдтік іс-шаралар және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстар жайлы баяндады.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды және құқықтық мәдениетті, азаматтық жауапкершілікті, заңға деген құрметті қалыптастыруға ықпал етті.
«Заң мен тәртіп үшін – қауіпсіз болашаққа бірге!»
Встреча учащихся гимназии со старшим прокурором и представителями Высшей школы права университета «Туран».
14.05.2026 г. в актовом зале гимназии состоялась встреча учащихся 11 «А», 11 «В», 10 «А», 10 «Б», 10 «В», 9 «Б» классов со старшим прокурором Абдикаримовой А.С., помощником прокурора Туяковым А.К., преподавателями Высшей школы права университета «Туран», представителями агитационной бригады приемной комиссии и общественниками.
В ходе встречи старший прокурор Абдикаримова А.С. подробно остановилась на вопросах правовой ответственности несовершеннолетних, профилактике правонарушений, преступлений против личности, в том числе половых преступлений. Также она рассказала о проекте «ZHASTARMEN – За закон и порядок», продемонстрировав видеоматериал о целях и задачах данного проекта. Представители Высшей школы права университета «Туран» познакомили учащихся с деятельностью учебного заведения, рассказали о подготовке будущих специалистов в сфере юриспруденции, а также о проводимой ими совместно с правоохранительными органами профилактической работе, включающей беседы, рейдовые мероприятия и правовое просвещение молодежи.
Встреча прошла в формате открытого диалога, вызвала живой интерес у учащихся и способствовала формированию правовой культуры, гражданской ответственности и уважения к закону.
«За закон и порядок — вместе в безопасное будущее!»
