"Қауіпсіз Жаңа Жыл"
#біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_алматы Алмалы ауданының төтенше жағдайлар басқармасы 2024 жылғы 10 желтоқсанда жаңа жылдық мерекелер қарсаңында өрттің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізді. Іс-шара барысында басқарма қызметкерлері пиротехниканы пайдалану, шыршаларды орнату және электр гирляндаларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын еске салып, аудан тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ақпараттық жадынамалар да таратылды.