30
қаңтар
2026
Ата-аналар жиналысы «Қауіпсіздік 24/7»
Ата-аналар жиналысы «Қауіпсіздік 24/7»
2026 жылғы 29 қаңтарда 1-ауысымда оқитын білім алушылардың ата-аналары үшін «Қауіпсіздік 24/7» тақырыбында аудандық ата-аналар жиналыстары өткізілді.
Жиналыстың мақсаты — ата-аналардың кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығын сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ білім алушылар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Ата-аналар жиналысы барысында төмендегі мәселелер қаралып, талқыланды:
• төтенше жағдайлар кезінде оқушылар мен ата-аналардың іс-әрекет алгоритмі;
• интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлерді қамтитын киберқауіпсіздік мәселелері;
• білім беру ұйымында және одан тыс аумақта терроризмге қарсы қорғаныс шаралары;
• кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығын қамтамасыз ету, зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу;
• ата-аналардың балалардың әлеуметтік желілердегі әрекеттерін бақылаудағы рөлі, кәмелетке толмағандардың деструктивті интернет-қоғамдастықтар мен чаттарға тартылуының алдын алу.
«Әртүрлі мәселелер» бөлімінде сабаққа қатысу, оқушылардың кешігіп келуі, мектеп формасына қойылатын талаптарды және мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері талқыланды.
Жиналыс қорытындысы бойынша ата-аналарға балалардың мінез-құлқы мен қауіпсіздігін бақылауды күшейту жөнінде ұсыныстар беріліп, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және олардың құқықтарын қорғау бойынша ата-аналардың жеке жауапкершілігі түсіндірілді.
Родительские собрания «Безопасность 24/7»
29.01.2026 года для родителей учащихся 1 смены были проведены районные родительские собрания на тему: «Безопасность 24/7».
Цель проведения собраний — повышение ответственности родителей за обеспечение безопасности, сохранение жизни и здоровья несовершеннолетних, а также профилактика правонарушений среди обучающихся.
В ходе родительских собраний были рассмотрены и обсуждены следующие вопросы:
• алгоритм действий учащихся и родителей в чрезвычайных ситуациях;
• вопросы кибербезопасности, включая риски интернет-пространства;
• меры по обеспечению антитеррористической защищённости в образовательной организации и за её пределами;
• обеспечение половой неприкосновенности несовершеннолетних, профилактика насилия и правонарушений;
• роль родителей в контроле за социальными сетями детей, предупреждение вовлечения несовершеннолетних в деструктивные интернет-сообщества и чаты. В разделе «Разное» были обсуждены вопросы посещаемости занятий, опозданий учащихся, соблюдения требований школьной формы и внутреннего распорядка школы.
По итогам собраний родителям были даны рекомендации по усилению контроля за поведением и безопасностью детей, а также разъяснена персональная ответственность родителей за воспитание и защиту прав несовершеннолетних.






































































