Алматы қаласы Білім басқармасының
«№18 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 379-34-42
Есепші бөлімі:
+7(727) 379-41-10
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Профилактикалық және тәрбие жұмыстарын күшейту
19
мамыр
2026

Профилактикалық және тәрбие жұмыстарын күшейту

Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Н. Нукеновтың төрағалығымен өткен қала мектептері директорларымен кеңесте берілген Алматы қаласы Білім басқармасының тапсырмаларын орындау, білім алушылар арасында профилактикалық және тәрбие жұмыстарын күшейту, сондай-ақ жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың бос уақытын бақылауды ұйымдастыру мәселелері бойынша 1–11 сынып жетекшілерімен кеңейтілген жиналыс
2026 жылғы 18 мамыр күні гимназияның акт залында білім алушылар арасында профилактикалық және тәрбие жұмыстарын күшейту, сондай-ақ жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың бос уақытын бақылауды ұйымдастыру мәселелері бойынша 1–11 сынып жетекшілерімен кеңейтілген жиналыс өтті.
Кеңеске төмендегі өкілдер қатысты:
1. Наурызбаева Г.К. – «№18 гимназия» КММ директоры;
2. Серікжанұлы Ерик – Алмалы ауданының аға прокуроры;
3. Шарипова Алия Тилеубаевна – психолог, педагогика ғылымдарының магистрі, халықаралық тренер, №3 емхана жанындағы кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу орталығының жетекшісі, кәсіби тәуелсіз медиатор;
4. Даулет Акерке Сатыбалдықызы – SDU университетінің аға оқытушысы, “Genesis” әдістемесі бойынша психотерапевт, «Жанұя» орталығының практик-психологі;
5. Сатыбалдинов Ернар Романұлы – Алмалы аудандық ПБ ЖПҚБ ЮПБ аға лейтенанты;
6. Зубов Андрей Алексеевич – Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, ата-ана.
Кездесудің негізгі мақсаты – Алматы қаласы Білім басқармасының білім алушылар арасында профилактикалық және тәрбие жұмыстарын күшейту, сондай-ақ жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың бос уақытын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі тапсырмаларын орындау болды.
Кеңес барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушылардың эмоционалдық әл-ауқатын сақтау, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ отбасы мен мектеп арасындағы тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелері қарастырылды.
Жиналыс ашық әрі кәсіби диалог форматында өтті. Кездесу қорытындысы бойынша сынып жетекшілеріне профилактикалық жұмыстарды күшейту, ата-аналармен серіктестікті дамыту және оқушылардың жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіз, пайдалы әрі мазмұнды бос уақытын ұйымдастыру бойынша практикалық ұсыныстар берілді.

Расширенное совещание с классными руководителями  1-11 классов   по вопросам выполнения    поручений Управления образования города Алматы, данных на совещании с директорами школ города ,под председательством заместителя Акима г Алматы Нукеновым А.Н по  усилению профилактической и воспитательной работы с обучающимися, а так же организации контроля занятости учащихся в период летних каникул.
18 05.2026 года в актовом зале гимназии состоялось расширенное совещание с классными руководителями 1–11 классов по усилению профилактической и воспитательной работы с обучающимися, а так же организации контроля занятости учащихся в период летних каникул с представителями:
1.    Наурызбаева Г.К –директор КГУ «Гимназия №18»    
2.    Серікжанұлы Ерик, старший прокурор Алмалинского района; 
3.    Шарипова Алия  Тилеубаевна, психолог,  магистр педагогических наук, международный тренер, руководитель Центра превенции суицида среди несовершеннолетних детей и подростков при поликлиники  №3, профессиональный независимый  медиатор.
4. Даулет Акерке Сатыбалдиевна, старший  преподаватель университета SDU, психотерапевт по методике “Genesis”, практик-психолог центра «Жануя».
5. Сатыбалдинов Ернара Романұлы, старший  лейтенант ОЮП ОМПС УП Алмалинского района;
6. Зубов Андрей Алексеевич ,член Попечительского совета,  родитель.   
Основной целью встречи стало исполнение поручений Управления образования города Алматы по усилению профилактической и воспитательной работы с обучающимися, а также организации контроля занятости школьников в период летних каникул.
В ходе совещания были рассмотрены ключевые вопросы обеспечения безопасности детей, профилактики правонарушений, эмоционального благополучия учащихся, укрепления детско-родительских отношений и эффективного взаимодействия семьи и школы.
Совещание прошло в атмосфере открытого профессионального диалога. По итогам встречи классным руководителям были даны практические рекомендации по усилению профилактической работы, развитию партнёрства с родителями и организации безопасной, полезной и содержательной занятости учащихся в летний период.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: