Ұстаз күні
Ұстаз болу жай ғана үлкен еңбек емес, бұл - өмірдің тұтас философиясы. Ұстаз өмір бойы өз білімін үнемі жетілдіріп, арттырып, оны жылдан-жылға шәкірттеріне жеткізіп отырады, сол арқылы тұтас ұрпақ тағдырына жауапкершілікпен қарайды. Өз заманында Сократ «Әр адамның бойында күн бар,тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер. » деген екен. Ал сіздер, құрметті ұстаздар, шәкірттеріміздің дарындарын ашып, дамытып, оларды ғылымға, спортқа, шығармашылыққа баурап, жарқырап көрінуіне көмектесесіздер.