Қазақстан халқының тілдері күні
Қазақстан халқының тілдері күні Қазақстан халқының тілдері күні – Қазақстан аумағындағы барлық тілдер мен мәдениеттердің байлығына арналған мереке. 5 қыркүйек күні гимназияда түрлі этностардың тілдері мен мәдениеттеріне арналған іс-шаралар өтті. Таңертең ертемен ұстаздар, ата-аналар мен оқушыларды өз ұлтының киімін киген жоғары сынып оқушыларының қарсы алуы таң қалдырды. Оқушылар өз ана тілінде білім алушыларды, ұстаздарды, ата-аналарды тамаша мерекемен құттықтап, бейбітшілік пен береке тіледі.