Бастауыш сынып мұғалімдері декадасы
КММ «Гимназия №18»-де 2025 жылғы 24 қараша мен 5 желтоқсан аралығында өткен бастауыш сынып мұғалімдері Декадасының салтанатты жабылуы өтті. Декада барысында бастауыш сынып педагогтері оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, білім сапасын арттыруға және педагогикалық тәжірибе алмасуға бағытталған мазмұнды іс-шаралар бағдарламасын жүзеге асырды. Декада аясында ашық сабақтар, танымдық сыныптан тыс іс-шаралар, шығармашылық байқаулар, әдістемелік семинарлар мен шеберлік сыныптары өткізілді.