«Наурыз – көктем мейрамы»
12.03.2026 жылы 5–8 сынып оқушылары арасында «Наурыз – көктем мейрамы» атты қалалық сәндік-қолданбалы өнер байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен сәндік-қолданбалы өнерін насихаттау. Қатысушылар Наурыз мерекесінің көркін, ұлттық мәдениет элементтерін, ою-өрнектер мен салт-дәстүрлерді бейнелейтін жарқын әрі ерекше жұмыстарын ұсынды. Біздің гимназияның оқушылары: 8 «В» сынып оқушысы Маратова