Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара
Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара 1 мамыр күні Сайран көлінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Гимназияның педагогикалық ұжымы директор Наурызбаева Г.К.-ның жетекшілігімен эстон халқының мәдениетін таныстырды. Мұғалімдер ұлттық киімдер киіп, мерекелік дастархан эстон асханасының дәстүрлі тағамдарымен безендірілді. Іс-шара қонақтары Эстонияның мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен және ұлттық тағамдарымен үлкен қызығушылықпен танысты.