«Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны
«Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны 2026 жылғы 25 мамыр күні 11 «А», «Б», «В» сынып оқушылары үшін «Соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын өтті. Мектеп бітіруші түлектерге ізгі тілегін арнап, құттықтау сөз сөйлеген гимназия директоры Наурызбаева Г.К. түлектерді мектеп өмірінің аяқталуымен құттықтап, оларға сенімділік, биік мақсаттар және өз күшіне деген сенім тіледі. Алмалы аудандық білім бөлімінің әдіскері Нурбаева А.Ж. түлектерге өмірдің жаңа кезеңінде жарқын жеңістер мен толағай табыстар тіледі.